90-шы жылдардың басында Алматы қаласында (ҚР) ашылған білікті кадрларды іріктеумен айналысатын алғашқы компания, Personnel Recruitment Center «Career-Holdings» фирмасында бүгінгі таңда 2000 қазақстандық және шетелдік маман жұмыс істейді. Оның кеңселерінің желісі ірі қалалары: Астана, Алматы, Орал (Ақсай), Ақтау, Атырау, Шымкент, Ақтөбе, Теңізді, Ашхабад, Мәскеу мен Лондон қамтиды. Компания жиырма жылдық даму тарихында ондаған перспективті жобаны жүзеге асырды.
Personnel Recruitment Center «Career-Holdings» тарихы Алматы қаласында халықаралық қызметті жүзеге асыратын Philip Morris кәсіпорны үшін білікті мамандарды іріктеуден басталды. 1993-1997 жылдар кезеңінде кәсіпорын үшін түрлі санаттағы 100-ден астам маман іріктелді.
Одан кейін компанияға Fluor Daniel Eurasia корпорациясы құрған КҚК (Каспий құбыры консорциумы) үшін қызмет көрсететін жұмысшыларды іздестіріп, таңдау мүмкіндігі берілді. Серіктестік туралы келісімшарт Manpower International халықаралық ұйымының ресейлік филиалымен бекітілді.
1998 жылы Personnel Recruitment Center «Career-Holdings» сол кезде Каспий теңізінің Солтүстік бөлігіндегі (Offshore Caspian International Operating Company) операторы болған Shell компаниясымен серіктестік орната бастады. 2009 жылы компания North Caspian Operating Company-дің жаңа операторы - Agip KCO фирмасымен серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды.
2001 жылы Personnel Recruitment Center «Career-Holdings» дамуының жаңа кезеңі басталды. Компания Қарашығанақ пен Қашаған ірі мұнайгаз кен орындарының операторымен жергілікті және шетелдік инженерлік-техникалық қызметкерлерді іздестіру мен іріктеуге бағытталған ұзақ мерзімді (2001- бүгінге дейін) келісімшарт бекітті.
Компанияның Ресей Федерациясы, ТМД елдері және Ұлыбритания аумағында өкілдіктері бар. Компания өз қызметін жүзеге асыру үшін ISO 9001: 2008 халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігіне сертификатталды.